Ақпарат » Страница 4 » "№19 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Абайлаңыз, жұқа мұз!» тақырыбында сынып сағаттары
19
желтоқсан
2023
«Абайлаңыз, жұқа мұз!» тақырыбында сынып сағаттары
№19 жалпы білім беретін мектебінде 1-4  арасында «Абайлаңыз, жұқа мұз!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты: балаларға судағы және мұз үстіндегі  қауіпсіздік  ережелерін түсіндіру.Сонымен қатар оқушылар мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша да нұсқаулықтарды тыңдады.Балаларға су айдындарының жанында өзін-өзі ұстау ережелері» және «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбы бойынша бейнероликтер көрсетілді.
"Сен қымбатсың, Тәуелсіздік!" атты кітап көрмесі
15
желтоқсан
2023
"Сен қымбатсың, Тәуелсіздік!" атты кітап көрмесі
№19  мектеп кітапханасында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, "Сен қымбатсың, Тәуелсіздік!" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, еліміздің жеткен жетістігі мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.
«Менің Тәуелсіз Қазақстаным!» атты балалар шығармашылығының көрмесі
15
желтоқсан
2023
«Менің Тәуелсіз Қазақстаным!» атты балалар шығармашылығының көрмесі
«Менің Тәуелсіз Қазақстаным!» атты балалар шығармашылығының көрмесі өткізілді. 1-4 сынып оқушылары суреттер мен қолөнерлерін ұсынды. Үздік жұмыстар марапатталды.
«Қазақстан  – Тәуелсіз ел!»
15
желтоқсан
2023
«Қазақстан – Тәуелсіз ел!»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде 11.12.2023ж  1-6 сыныптар арасында «Қазақстан  – Тәуелсіз ел!» атты тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Аталған іс-шара мақсаты – балаларды өнерге баулу, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті және махаббатты одан әрі ояту, ұлттық бірлікке тәрбиелеу, сонымен қатар дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектесу. ​https://www.youtube.com/shorts/GeR6HJ_4twY​​​
Волейболдан жарыс
15
желтоқсан
2023
Волейболдан жарыс
Алдағы мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 2023 жылы 12 желтоқсан айында  №19 жалпы білім беретін мектебінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды  еске алуға арналған волейболдан жарыс өткізілді. Қайғылы оқиғалардың құрбандарының барлығына құрмет көрсетілді. Бәсекеге толы жарысқа мектебізден 7-11-сыныптары қатысты. Тартысты да, қызықты ойынның қорытындысы бойынша:   I-орынды – 9 «Ә»сынып  II-орынды –7 «А»сынып III-орынды –10 «Ә» сынып командалары