10
қазан
2023
Өрттің алдын алу сабағы
Медеу ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Саматұлы Нұрасыл 5-6 сынып оқушыларына өрттің алдын алу сабағын жүргізіп, балаларды өрт қауіпсіздігі мәселелеріне тәрбиелеуді мақсат етті. Өрт сөндіру бөлімін шақыру ережесіне үйретті. Сабақ барысында балалар өрт сөндіруші мамандығымен танысты, қаза болғандар мен жарақаттанғандар туралы ақпарат беріліп, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі туралы бейнематериалдар көрсетіліп, өрт немесе төтенше жағдай кезіндегі оқу жаттығулары көрсетілді.