19
сәуір
2023
9-сынып пен 10- сынып арасында ұйымдастырылған “Брейн-ринг” ойыны
11-21 сәуір аралығында мектебімізде "Информатика, математика және физика" апталығы өтіп жатыр. Апталықта бірлестік мүшелері түрлі жарыстар мен ойындар ұйымдастырды. Соның бірі 9-сынып пен 10- сынып арасында ұйымдастырылған “Брейн-ринг” ойыны. Ойынның мақсаты: белсенді ойын түрлері арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың өзін - өзі көрсете білуіне жағдай туғыза отырып, ойлау ,сөйлеу, жылдам есептеу қабілеттерін дамыту, сыныптар арасындағы достық қарым - қатынасты арттыру болатын. Ойын үш турға бөлінді. Жарыс өз мақсатына жетіп, ұпай есептеу нәтижесінде 10 сынып оқушылары 2 балл айырмашылықпен жеңіске жетті. Ұйымдастырушы математика пәні мұғалімі Ержанова А.С.