Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №19 жалпы білім беретін мектепте жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттары» акциясы ұйымдастырылды
17
қаңтар
2020

№19 жалпы білім беретін мектепте жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттары» акциясы ұйымдастырылды

2020 жылдың 17 қаңтарында №19 жалпы білім беретін мектепте Алматы қаласы Білім басқармасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы Агенттігігің Алматы қаласы бойынша Депортаментінің хатына сәйкес «Адалдық сағаттары» республикалық акциясы өткізілді. 
      «Адалдық сағаттарының»  мақсаты: өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтарын  сіңіру, әділдік пен сенім құндылықтарының асыл қасиеттерін дәріптеу, жас буынның рухани болмысын кемелдендіру, азаматтық-патриоттық тәрбиені дамыту, сыбайлас-жемқорлықпен күресу, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. 
        Сабақ барысында сынып жетекшілері оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін адами қасиеттерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін түсіндірді. Ұлы ғұламалардың адалдық, парасаттылық, әділдік, шынайылық туралы айтқан пікірлерімен бөлісті. Қауіпті кеселдің теріс салдары мен зардабын бейнебаян мен слайдттар арқылы көрсетті. Адам бойындағы төрт негізгі құндылық: адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім. Осы қасиеттер жеке адам бойынан табылған кезде ғана ұлтқа, мемлекетке адал қызмет ететін жастар қалыптасатынына сенімдіміз.