Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кітапхананың 1-жартыжылдық жұмысының есебі
08
қаңтар
2021

Кітапхананың 1-жартыжылдық жұмысының есебі

№ 19 жалпы білім беретін мектеп кітапханасының

2020-2021 оқу жылының  І жартыжылдықта атқарылған

жұмысының есебі.

     Мектеп кітапханасы оқу процесін әдебиетпен және ақпаратпен  қамтамасыз ететін білім беру ұйымындарының маңызды құрылымдық бөлімшесі, сондай –ақ білімді, рухани және интеллектуалды қатынасты, мәдениеттті тарту орталығы болып табылады.
  Биылғы оқу жылында 2-сынып  100% ,  3-сынып 100%,  5-сынып 100%, 6-сынып 100%, 7 сынып 100%  қосымша оқулықтармен  қамтылды.
  Оқырмандарды зерттеу, оқырмандар талабымен санасу,біздің жұмыстарымыздың негізі бағыттарының бірі «Кітапхана және оқырман», сауалнамасы жүргізілді. Сауалнама мақсаты оқырман сұранысын зерттеу, олардың кітапханамен байланысын, ақпараттық сұранысын білу, кітапханаға  келешекте оқырман көзқарасын қалыптастыру, оқырмандардың оқуға деген ынтасын арттырудағы өзекті мәселелерді анықтау.
 Оқырманға басшылық жасаудың бір әдісі –оқырмандар формуляры. Мысалы, оқырман формулярына талдау жасап отыруға болады.
Оқырман  туралы жалпы мәлімет беріледі.
Оқыған кітаптары туралы мәлімет
Оқу  сапасы туралы талдау жасауға болады. Ал кітапханада әр сынып бойынша оқырмандардың есебі жүргізіледі. Осы  бойынша 2020-2021 оқу жылына  І жартыжылдық рейтингісі жасалды.
  Балалардың  кішкентай кезінен кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуға деген ынтасын арттыру біздің міндетіміз.
     1-4  сынып оқушылары барлығы кітапхана оқырмандары болып саналады .Бұл оқырмандарымыз балаларға арналған әдеби кітаптарды көп оқиды, соның ішінде  ертегілерді қызығып оқиды, оқыған кітаптары туралы ой бөліседі. 5-8 сынып оқырмандары тарихи, хайуандар,спорт туралы кітаптарға сұраныс көп алады, әдеби кітаптарды оқиды, энциклопедиялар, сөздіктер пайдаланады.
   9-11 сынып  оқырмандары көбінесе сөздіктер, энциклопедиялар, электрондық оқулықтар пайдаланып оқиды, әдеби кітаптарды мектеп бағдарламасы  бойынша оқиды.
Кітапханада көптеген кітап көрмелері, дөңгелек үстел, рухани әңгімелер  өткізілді.
Кітапхананың әрбір кітабын оқырманға насихаттауда кітап көрмесінің маңызы зор.
Қыркүйек айынан бастап тіл апталығына байланысты: «Қазақ тілі-рухани асыл мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Сүйемін туған тілді, анам тілін» дөңгелек үстел өткізілді.  «Ата заңым –айбыным», «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік» кітап көрмелері ұйымдастырылуда.  Жас оқырмандарға  Тәуелсіз қазақ  мемлекетінің   алған асулары, бағындырған шындары туралы мәлімет беретін «Желтоқсан ызғары » кітап көрмесі  шығарылып, папка жинақталды. Бұл папкада желтоқсан туралы жаңа газет материалдарымен, интернет жүйесінен алынған материалдармен толықтырылып отырды. Сыныптар арасындағы  желтоқсан оқиғасынына арналған ашық тәрбие  сағаттарына  библиографиялық көмек берілді. «1-желтоқсан тұңғыш Президент күні» көрме жасалып, 9-11 сыныптар арасында  «Елім  деп соқан жүрегі» интеллектуалды ойыны өткізілді. 2-3 сынып оқушыларымен «Кітапхана – білім мен ғылым ордасы» тақырыбында әңгіме өткізілді. 
    Қорытынды.
Алдымыздағы оқу жылында  жұмысымыздың  бір саласы – әр кезде жарық көрген  жақсы шығармаларды көпшілік арасында кеңінен насихаттау, олардың кейбір ерекшеліктеріне баса назар аударып жаңарту жолдарында жұмыс  жүргізу,  оқырмандармен жұмыс жүргізу, оқырмандардың  кітапханаға деген көзқарастарын қалыптастыру.  
  Білімге ұмтылған оқырманның табылар жері – кітапхана. Кітап оқу жан дүниемізді байытады, жаңа технология заманында да кітап адамның ой – өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала бермек. Қазіргі заманға  сай  оқырмандардың ойын ұшқырлайтын іс –шаралар ұйымдастыру. Оқудан  қол үзбейтін оқырмандарды  көбейтіп, оқу –тәрбие  жұмысына ықпал етуге  еңбек ету.  Оқу жылының басында  оқулықтар таратылып, оның жыртылып бүлінбеуін қадағалап тұру.Кітапханалық  библиографиялық ілімнің негіздерімен балаларға арнайы  кітапхана  сабақтарын жүргізу.