«1 маусым - Балаларды қорғау күні» » КГУ Общеобразовательная школа №19
Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №19"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7 (727) 55-11-02
Бухгалтерия:
+7 (727) 55-11-02
Версия
для слабовидящих
» » «1 маусым - Балаларды қорғау күні»
01
июнь
2021

«1 маусым - Балаларды қорғау күні»

Бүгін «1 маусым - Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай №19 жалпы білім беретін мектепте балғын балаларға арналған спорттық ойындар, асфальтқа сурет салу, би сайыстары, флеш моб, т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды. 
      Мақсаты: іс-шаралар арқылы ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамытуға, өздерін жеке тұлға ретінде көрсете білуге, өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасау арқылы және бақытты балалық шақты сезіндіру.
      Аталған іс-шара барысында белсене қатысқан оқушылар Мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Медеу ауданы білім бөлімінің қолдауымен аталған іс-шаралардың қорытынды бөлімінде жасөспірімдерге балмұздақтар таратылды.      
     Барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз! Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз!