Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні»
30
сәуір
2021

«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні»

№19 жалпы білім беретін мектепте сәуір айының 27 күні «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай «Ұлтаралық татулық пен келісім» тақырыбында сынып сағаттары және құттықтау челендждері ұйымдастырылды.
      Мақсаты: ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.
      1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Жылдар бойына жалғасып келе жатқан ұлтаралық қатынастар бойынша әлемдік дипломатияның небір озық үлгілері де елімізде орындалып жатқанына әлем жұртшылығы куә. Сондықтан да, бірлігі мен ынтымақтастығы жарасқан елде тұрақтылық сақталып, болашақ дамуы да баянды болмақ.