Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық М. Мақатаев оқуларының мүшәйрасының мектепішілік кезеңі
29
қаңтар
2021

Республикалық М. Мақатаев оқуларының мүшәйрасының мектепішілік кезеңі

        №19 жалпы білім беретін мектепте 2021 жылдың 9 ақпан  күні 8-11 сынып оқушылары арасында  «ZOOM» конференциясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына орай мүшәйра ұйымдастырылды.   
М.Мақатаев өлеңдерін насихаттай отырып, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру және    жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру, тарихи танымдарын кеңейтіп, дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
        Өздерінен кейінгі ұрпақтарына баға жетпес   рухани қазына қалдырып,  Мәңгілік Музаға айналған Мұқағали Мақатаевтың  ерен  есімі мен  мол ғибрат,  таусылмас  тәлім-тәрбие аларлық туындылары қазақ  халқымен бірге  мәңгі жасай бермек. Күреске толы өмірін болашақ ұрпағына жыр қылып жазып қалдырған мұзбалақ  ақынның шығармаларын мектеп оқушылары жатқа айтып, өнерлерін ортаға салды.