Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Желтоқсан айының 15 күні Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында №19 жалпы білім беретін мектепте 9-11 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік жолында» тақырыбы
15
желтоқсан
2020

Желтоқсан айының 15 күні Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында №19 жалпы білім беретін мектепте 9-11 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік жолында» тақырыбы

Желтоқсан айының 15 күні Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында №19 жалпы білім беретін мектепте 9-11 сынып оқушыларымен  «Тәуелсіздік жолында» тақырыбында онлайн режимде тарихи танымдық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айту;  осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялылары мен желтоқсан оқиғасында құрбан болған жастардың ерліктеріне тоқталу;,  Тәуелсіз Қазақстанның 29 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру арқылы тәуелсіздігімізді құрметтеуге, қастерлей білуге тәрбиелеу; Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру; отансүйгіштік-патриоттыққа баулу. Аталған сабақтан оқушылар еліміздің тарихынан өздері дайындаған презентациялар арқылы терең мағлұматтар алып, тәуелсіздік жолында аянбай қызмет еткен тарихи тұлғалардың құрметіне бір минут үнсіздік жариялады. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 29 жылында Қазақстанның жеткен жетістіктеріне тоқталып, бейнероликтер көрсетіліп, пікір алмасты.