Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Shapagat Cup I» қалалық пікірсайыс
25
қыркүйек
2023
«Shapagat Cup I» қалалық пікірсайыс
Алматы қаласының 7-12 сынып оқушылары арасындағы британдық парламенттік формат бойынша «Shapagat Cup I» қалалық пікірсайыс турниріне мектебіміздің «Орда» пікірсайыс клубынан «Қазақша элита» және «Liberty» фракциялары қатысып, «Liberty» фракциясының мүшелері Мұрат Нұрайым, Абдуали Айзере «Ең креативті ойыншы» номинациясымен марапатталып, «Қазақша элита», «Liberty» фракцияларының әрбір мүшесіне, атап айтқанда Тоқбауыл Нұрәділ, Мусахан Аружан, Мұрат Нұрайым, Абдуали Айзереге Алматы қаласы Білім
Ата-аналардың асхана жұмысымен танысуы
25
қыркүйек
2023
Ата-аналардың асхана жұмысымен танысуы
Мектеп асханасында құрылған кестеге сәйкес, ата-ана Абылай Эльмира асханамызда болып, бүгінгі ас мәзірімен танысып, бақылау тамағы мен оның ұсынылу реті, мөлшерін көрді. Балалардың қалай ас ішетінін, сонымен бірге, барлығы талапқа сай екендігіне, таза, табиғи, балғын өнімдерді ұсынатындығымен танысты. Асханамыздың меңгерушісі мен аспазшыларына және мектеп әкімшілігіне жылы лебізін білдірді. ​https://youtube.com/shorts/I9N0gnI3g5A?feature=share​​​ 
Еңбек күні мерекесіне орай  Медеу ауданы әкімдігінің құттықтауы
22
қыркүйек
2023
Еңбек күні мерекесіне орай Медеу ауданы әкімдігінің құттықтауы
Еңбек күні мерекесіне Медеу ауданының әкімдігі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бидашева Гүлнар Рысқалиқызын Еңбек күнімен құттықтады. Гүлнар Рысқалиқызы осы мектепте 30 жылдан астам еңбек етіп, өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына зор үлес қосты. Аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбаев Айдос Асқарұлы ұстаздың еңбегін атап өтіп, оның жоғары кәсіби біліктілігі, ісіне деген адалдығы және ұстаздық таланты үшін алғысын білдірді. №19 ЖББМ ұжымы осы салада 30 жыл еңбек етіп, еліміздің лайықты
Тілдер мерекесі
22
қыркүйек
2023
Тілдер мерекесі
22 -қыркүйек Тілдер мерекесіне байланысты № 19 жалпы білім беретін мектепте «Тіл мен әдебиет -тәрбиенің қос қанаты» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Мектеп директоры Имангалиева Айымгуль Даурбековна онкүндіктің ашылуымен құттықтап, белсенді қатысуға шақырды. Мектеп оқушылары мәнерлеп өлеңдер оқып, күй орындап, ән шырқап, өнерлерін ортаға салды. Іс-шараға қатысушылар арасында викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар өз білімдерімен бөлісті. Іс
“Айтыс өнерін дамыту механизімін ұсынады”
22
қыркүйек
2023
“Айтыс өнерін дамыту механизімін ұсынады”
№19 жалпы білім беретін мектептің “Орда” пікірсайыс клубы 8-10- сыныптар арасында пікірсайыс ойынын ұйымдастырды. Пікірсайысшылар “Айтыс өнерін дамыту механизімін ұсынады” деген қарарға ойын ойнады. Екі тарап қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау керектігі туралы ойларын алға тартты. Жеңіс Үкімет тарапында болды. ​https://youtube.com/shorts/5DQc8ke3lvU?feature=share​​​ 
Ата-аналардың асхана жұмысымен танысуы
22
қыркүйек
2023
Ата-аналардың асхана жұмысымен танысуы
Мектебімізде жаңа оқу жылынан бастап ата-аналардың айлық кестесі құрылған. Осы кестеге сәйкес, ата-аналар келіп, ас мәзірімен, тамақтың ұсынылу реті, мөлшері, құрамымен таныса алады. Асхана жұмысымен танысу барысында ата-ана Бақберген Қ.Б. балалардың тамақтану реті өте жақсы ұйымдастырылғандығын, асхана іші таза, жарық, сонымен бірге, ас мәзіріне сай балаларға дәмді, ыстық тамақ ұсынылатындығын өз көзімен көріп, көңілінен шыққандығын айтты.