Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
қараша
2020

«Туған өлке тарихы»

Қазақстан- менің кіндік кескен, туған елім. Алтайдан Атырауға дейін созылған кең байтақ қазақ даласының қай бұрышын алсаң да тарихи тағлымға тұнып тұрған шежіре, ашылмаған сырға толы қойнауы құт-ырыс дарыған киелі кең-байтақ жер - менің Отаным!
       №19 жалпы білім беретін мектепте «Туған өлке тарихы» тақырыбы аясында онлайн форматта 5-9 сыныптарға тарихи танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты: жас  ұрпақ өзінің  Отаны - туған аймағында тарихтан қалған қандай жәдігерлер барын, олардың мән-маңызын, туған өлке тарихын білуге, құрметтеуге деген сезімдерін ояту арқылы, отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу. Экскурсиядан білімалушылар Алматы қаласы туралы тың дереккөздермен таныса отырып, тарихи-мәдени ескерткіштердің өлке тарихы үшін маңыздылығы түсіндірілді.