Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемарандум аясындағы кездесу/ Встреча в рамках меморандума
17
қараша
2021

Мемарандум аясындағы кездесу/ Встреча в рамках меморандума

       Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасының «№19 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де  Абай атындағы ҚазҰПУ-і мен Алматы қаласы Білім басқармасы арасында жасалған  ынтымақтастық Мемарандумы аясында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Билялов Дархан Нұрланұлы, педагог мамандарды дайындайтын қара шаңырақтың аға оқытушылары, Медеу ауданы Білім бөлімінің басшысы Сапарова Агайша Амирқызы, мектеп директоры Имангалиева Айымгуль Даурбекқызы, тәжірибеден өтіп жатқан студеттер мен   тәлімгер-ұстаздар қатысты. 
     Дархан Нұрланұлы 5В010900-математика мамандығының 4-курс білім алушысы Сағымбек Әсем Несіпкелдіқызының «6-В» сыныбындағы математика сабағына қатысып, кері байланыс берді.    Қазақстандық бәсекеге қабілетті білім мен қызмет сапасын арттыру және дамытуда аянбай  еңбек етіп жатқан ұстаздар және  мектеп оқушылары, педагогикалық тәжірибеден өтіп жатқан студенттерімен пікір алмасты. 
   «ЖОО+мектеп+сапалы маман» жобасының жұмысы әрі қарай жалғаса береді.
___________________________________________________________________________________________

     16 ноября текущего года в КГУ «Общеобразовательная школа №19» управления образования г. Алматы состоялась встреча в рамках меморандума о сотрудничестве, заключенного между КазНПУ им.Абая и Управлением образования г. Алматы. Во встрече приняли участие ректор Казахского национального педагогического университета имени Абая Билялов Дархан Нурланович, старшие преподаватели университета, готовящие педагогические кадры, руководитель отдела образования Медеуского района Сапарова Агайша Амировна, директор школы Имангалиева Айымгуль Даурбековна, стажирующиеся студеты и наставники-педагоги.
    Дархан Нурланович принял участие на уроке математики в «6-В» классе студентки 4 курса специальности 5в010900-математика Сагымбекой Асем Несипкельдиновны и дал обратную связь. Состоялся обмен мнениями с учителями и учащимися школы,со студентами  проходящими педагогическую практику, которые неустанно трудятся над повышением и развитием конкурентоспособного казахстанского образования и качества услуг.
     Работа проекта "ВУЗ+школа+качественный специалист" будет продолжена.