Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің 2020-2021 оқу жылындағы 7-20 желтоқсан аралығында өткізілген апталығының қорытынды есебі
21
желтоқсан
2020

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің 2020-2021 оқу жылындағы 7-20 желтоқсан аралығында өткізілген апталығының қорытынды есебі

«№19 ЖББМ» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес 7-20 желтоқсан аралығында бастауыш сыныптар  бірлестігінің апталығы ұйымдастырылды.   Апталықтың тақырыбы: «Қазіргі  заман   мектебінде  тұлғалық  білім   беруді  бағдарлау». Мақсаты: Оқу үрдісінде тиімді формалар мен әдістерді табу арқылы білім сапасын арттыру. 
         Әлемдік пандемияға байланысты жоспарланған іс-шаралар онлайн режимінде өткізілді. Тәжірибелі ұстаздар «Оnlinemektep»  білім беру платформасы және «ZOOM» бейнеконференция бағдарламасы арқылы шебер сабақтар берді. Сабақтарға мектеп әкімшілігі және жас мамандар қатысты. 
            «Қазақстан - Отаным, Тәуелсіз  елім», «Тәуелсіздік – ел тірегі», «Таза дәптер» тақырыптарында сурет салу, мәнерлеп өлең оқу конкурстары ұйымдастырылды. Конкурс қорытындысы бойынша үздік танылған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.