Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Назад Вперед

Алматы қаласы Медеу ауданы №19 жалпы білім беретін мектепте Қамқоршылық кеңесінің №1 ХАТТАМАСЫНАН КӨШІРМЕ

Автор: admin от 17-10-2018, 00:42, посмотрело: 10

0

 


Алматы қаласы Медеу ауданы №19 жалпы білім беретін мектепте

Қамқоршылық кеңесінің

№1 ХАТТАМАСЫНАН КӨШІРМЕ

 

Күні:08.09.2018 жыл

Қатысқандар: 13 адам

№19 ЖББ мектеп директоры Н.Сарсембаева

Күні тәртібі:


1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министлігінің « Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» туралы 2017 жылғы27 шілдедегі № 355 бұйрығымен таныстыру

2. №19 жалпы білім беретін мектепте «Қамқоршылық кеңесінің» жұмысын ұйымдастыру және оның құрамын бекіту.

 

Тыңдалды:
Мектеп директоры Н.Сарсембаева- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің « Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» туралы2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен таныстыра отырып, қамқоршылық кеңес – қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі деді. Білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдардың ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, қоғамдық ұйым екендігін, қамқоршылық кеңес – тек қолдау мен қаржыландыру ғана емес білім беру ұйымының азаматтық қоғамның билікпен диалог құру құралы деп түсіндірді. Мектеп директоры сонымен қатарқамқоршылық кеңестің мақсаттары мен жұмысының бағыттарына тоқтала отырып кеңес жұмысын жүргізу үшін құрамын сайлап алу керектігін айтты.

Сөз алды: Ата-аналар комитетінің төрағасы Шыңғыс Жан Кенджақынұлымектепте қамқоршылық кеңес құрамына мүше болуға лайықты 1- 11 сыныптар арасында әрбір параллель сыныптардан төмендегі бір ата- анадан ұсынды:

1. Ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі:

1. Кунтубаева Айя Жапаровна – «АО Казахстанская ипотечная компаия» бас маманы

2. Мамирова Гульнара Батыровна – ТОО «Ic-group», клиникалық компаниясының кураторы

3. Раймханов Айдар Дүйсенович – Асфендияров атындағы ҚазҰМУ дәрігер, мұғалімі

4. Нурдинова Махинур Курбановна – «Нурдинов» жеке кәсіпкерлігі

5. Абдукаримова Гулира Абдуалиевна – «Абдукаримова» жеке кәсіпкерлігі

6. Малошенкова Мегербан Эдиковна – ТОО «А-Терминал» заңгері

7. Родькина Елена Борисовна – «Constanto» фирмасының архитектор-дизайнері

8. Көшербаева Бакытгуль – «Өмір ай» газетінің бас редакторы

9. Игиликова Қаламқас Қалихановна – «Daniya Gold» жеке кәсіпкерлігі

Сонымен қатармектепте құрылатын қамқоршылық кеңескетомендегі тұлғалар өз кандитатурасын үсынды:

2.Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері:

1.Аралбаев Сакен Жаббарович - Медеу ауданы аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

2.Тулепова Жанна Жанайдаровна - учаскелік полиция инспекторы, ювеналды полиция бөлімшесі.

3. Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілі:

1. Құрманғалиев Дәулетбек – «Данияр» ЖШҚ, ата-ана

4. Коммерциялық емес ұйымның өкілі:

Шыңғыс Жан Кенджақынұлы

 

 

 

Шешімі:

Мектепте құрылған Қамқоршылық кеңестің құрамы төмендегідей болып бекітілсін:

1. Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері:

1.Аралбаев Сакен Жаббарович

2.Тулепова Жанна Жанайдаровна

2. Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері:

3. Құрманғалиев Дәулетбек

3. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері:

4. Қамқоршылық кеңестің төрағасы - Шыңғыс Жан Кенджақынұлы

4. Ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі:

1. Кунтубаева Айя Жапаровна

2. Мамирова Гульнара Батыровна

3. Раймханов Айдар Дүйсенович

4. Нурдинова Махинур Курбановна

5. Абдукаримова Гулира Абдуалиевна

6. Малошенкова Мегербан Эдиковна

7. Родькина Елена Борисовна

8. Көшербаева Бакытгуль

9. Игиликова Қаламқас Қалихановна

 

Хатшы: Д.Кусманов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

Категория: ---

 
 

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекет

Автор: admin от 11-09-2018, 07:01, посмотрело: 30

0

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы «13» сәуір

№198 бұйрығына

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) болып табылады. Регламент Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік стандарттарды бекіту туралы" 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырындан) және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама болып табылады.

      Өтініштерді қабылдау қызмет көрсетуші немесе "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтініші, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес құжаттар топтамасы негіз болады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1-әрекет – келіп түскен құжаттарды қызмет берушінің кеңсесінде қабылдау және тіркеу, қызмет берушінің қарауына жіберу – құжат тапсырған күні 20 (жиырма) минуттан аспайды;

      2-әрекет – қызмет берушінің басшысымен құжаттарды қарауы, қаралған құжаттарды орындау үшін қызмет берушінің маманына беруі - құжатты қабылдаған күні 20 (жиырма) минут ішінде;

      3-әрекет – қызмет берушінің маманымен құжаттарды Стандарттың 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету туралы анықтаманы беруге дайындауы және қызмет берушінің басшысына нәтежесін қол қоюға жіберуі - 3 (үш) жұмыс күн ішінде;

      4-әрекет – қызмет берушінің басшысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы және қызмет берушінің кеңсесіне жолдауы - құжатты тапсырған күні 20 (жиырма) минут ішінде;

      5-әрекет – қызмет берушінің басшысымен қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызметті алушыға жіберу - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі құжат тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейді.

      6. Регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген 1-әрекет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимыл (әрекет) нәтижесі құжаттарды қызмет берушінің бөлім басшысына беру болып табылады. Қызмет берушінің бөлім басшысына жіберілген құжаттар пакеті Регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген 2-әрекетті орындаудың бастамасы үшін негіз болып табылады.

      Регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген 2-әрекет нәтижесі қызмет беруші бөлім басшысының құжаттарды қарауы және қызмет беруші бөлім басшысымен қол қойылған құжаттарды Регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген 3-әрекетті орындау үшін негіз болып табылатын қызмет берушінің бөлім маманына беру болып табылады.

      Регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген 3-әрекет бойынша нәтиже қызмет беруші бөлімі маманының Стандарттың 9-тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы болып табылады және анықтаманы дайындау Регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген 4-әрекетті орындау үшін негіз болып табылады.

      Регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген 4-әрекет бойынша нәтиже Регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген 5-әрекеттің орындалуы үшін негіз болып табылатын қызмет берушінің бөлім басшысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы болып табылады. Регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген 5-әрекет нәтижесі қызмет берушінің бөлім басшысымен қол қойылған нәтижені қызмет алушыға жіберуі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      қызмет берушінің кеңсе қызметкері;

      қызмет берушінің басшысы;

      қызмет берушінің маманы.

      8. Рәсімдердің (іс-әрекеттің) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес әрбір рәсімді (әрекетті) өтудің блок-сызбасында көрсетіліп жазылған.

4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Қызметті беруші мен қызметті алушының "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен рәсімдерінің (әрекеттің) реттілігі осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген:

      қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және парольдің көмегімен (ЭҮП-да тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады) "электрондық үкімет" порталында (бұдан әрі – ЭҮП) тіркеуді жүзеге асырады;

      1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП–ға ЖСН мен парольді (авторландыру үдерісі) енгізуі;

      1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын ЭҮП-да тексеру;

      2-үрдіс – қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      3-үдеріс – қызметті алушының Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, қызмет алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды электронды түрде сұрау салу нысанына бекітуі, сондай-ақ қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

      2-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін, қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауын, сондай-ақ (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;

      4-үдеріс – қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұратып отырған электрондық қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      5-үдеріс – қызметті берушінің ЭЦҚ көмегімен электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрауды куәландыру және электрондық құжатты (сұрауды) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы ЖАО өңдеу үшін "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) жолдау;

      6-үдеріс – электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу;

      3-шарт – қызмет беруші бөлім маманының көрсетілетін қызметті алушының Стандартта көрсетілген және электрондық қызметті көрсету үшін негіз болатын қоса берілген құжаттарының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

      7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      8-үдеріс – қызметті алушының қалыптастырған электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы анықтаманы) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің ЭЦҚ қолдану арқылы қалыптастырылады, қызметті алушы "электрондық үкімет" порталы тіркеуді ЖСН мен парольдің көмегімен жүзеге асырады. Қызметті беруші мен қызметті алушының ЭҮӨШ АЖО электрондық порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен рәсімдерінің (әрекеттің) реттілігі осы Регламенттің 2-қосымшасында блок-сызбада көрсетілген.

 

  "Жалпы білім беретін мектептердегі
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына тегін және
жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну"
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

 

Қызмет көрсетушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алудың блок-сызбасы



 

  "Жалпы білім беретін мектептердегі
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына тегін және
жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

 

"Электронды үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді алу сызбасы



 

  "Жалпы білім беретін мектептердегі
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына тегін және
жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну"
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша

 

"Ішінара автоматтандырылған" мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы




Категория: ---

 

Регламент госуслуг

Автор: admin от 11-09-2018, 05:42, посмотрело: 38

0

Категория: мектеп туралы

 

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары

Автор: admin от 15-08-2018, 04:59, посмотрело: 360

0

Категория: ---

 

Стандарты Государственных услуг

Автор: admin от 15-08-2018, 04:31, посмотрело: 61

0

Категория: ---