"Балдәурен" жазғы лагерінің ашылуы/ Открытие Летнего лагеря при школе
1 тамыз күні № 19 жалпы білім беретін мектепте "Балдәурен" жазғы лагерінің ашылуы өтті. Жазғы лагерьдің ашылуы "Viva" тобының әндерімен және жалынды билерімен безендірілді. Балалар жазғы демалыстың қызықты әлеміне еніп кетті. Лагерьдің ашылуында мектеп директорының міндеттін атқарушы Кораласова Г.С. құттықтау сөз сөйлеп, балаларды жазғы лагерь жұмысы кезеңінде жоспарланған негізгі іс-шаралармен таныстырды, сонымен бірге жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шарасын сақтаулары туралы еске салды.